Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі.
Төлеби ауданындағы бірінші мөлтек ауданға спорт және балалар ойын алаңшасы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төлеби ауданында 2021 жылы балалар үшін бірнеше ойын алаңын салу жоспарланған. Мәселен, Ленгір қаласындағы бірінші мөлтек аудан тұрғындарының сұранысымен, Төлеби ауданы әкімі Төлеген Телғараевтың қолдауымен І мөлтек ауданындағы №1,8,9 үйлердің аумақтарына спорт және балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, келер жылы С.Омарұлы көшесінде де балалар ойын алаңшасы салынбақ. Сонымен бірге, алдағы уақытта бірінші мөлтек ауданға қарасты алаңның аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі.