ТҮРКІСТАН: Төлебиде ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары басталды

0
1 548

Төлеби ауданында жолдарды жөндеуге 600 миллионға жуық қаржы жұмсалған.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары басталды

Төлеби ауданында жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, түйткілді мәселелер шешімін табуда - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жол мәселесі де тұрақты назарда болып тұр. Әр жылы қала, ауылдық округтердің көшелері асфальттанып, жолдары жөндеуден өтуде. Биыл да осы салада жүйелі жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Атап айтатын болсақ, Ленгір қаласы бойынша жалпы қосындысы 565 м2 құрайтын Төлеби, Айтеке би, Қазыбек би, Оқжетпес, Бірлік, Қапал батыр көшелеріндегі шұңқырларға асфальт қоспасын төсеу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі кезде дәл сондай жұмыстарды Момынай-Жаңаұйым, Момынай-Аққұм, Аққұм-Шахта-Тоғыс, Нысанбек-Жаңатұрмыс, Әлішер-Тағайна елді мекендерін байланыстыратын жол тораптарындағы шұңқырларды жөндеуді аудандық «Жарық жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқарып жатыр.

«Жол қадірін жүрген білер» демекші, аудан халқы «жаңбырлы күні көшеде жүру мүмкін емес» деп өз уәждерін айтатын. Енді ондай уәждер азаяды. Өйткені, биыл аудан ішілік 27 көшеге аудандық бюджеттен 577,0 млн.теңге қаржы қаралып, 44,9 шақырым құрайтын жолдың құрылыс жұмыстары жүреді.
Әрқайсысына тоқталып өтетін болсақ, Балдыберек елді мекеніндегі Күнгей көшесінің 2,1 км, Мәдени елді мекеніндегі 0,4 км, Жаңаұйым елді мекеніндегі Әулиетас көшесінің 1,5 км, Момынай елді мекеніндегі Бұлақты көшесінің 0,4 км, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Наурыз көшесінің 1,70 км, Тағайна елді мекеніндегі Абырой көшесінің 4,62 км, Алғабас елді мекеніндегі Дарын көшесінің 0,51 км, Зағамбар елді мекеніндегі Отырар көшесінің 0,59 км жолы жөнделмек.
Сондай-ақ, Көксәйек елді мекеніндегі Досалы би көшесінің 1,7 км, Қазақстан елді мекеніндегі С.Көлбаев және Сайрамали көшелерінің 3,265 км, Көксәйек елді мекеніндегі Абылайхан көшесінің 1,1 км, Каден Өмірәлі көшесінің 0,7 км, Қазақстан елді мекеніндегі М.Жолымбек, К.Жұмжаев көшелерінің 5 км, Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Жыланбұзған көшесінің 2,88 км, Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Гулистан көшесінің 2,5 км, Екпінді елді мекеніндегі Таразы көшесінің 1,295 км, Екпінді елді мекеніндегі Ақниет көшесінің 0,46 км, Біркөлік елді мекеніндегі Бұлақты көшесінің 0,5 км жолы.
Ленгір қаласы бойынша Жастар, Күмістөбе, Достық, Шұғыла, Ленгір-Шахта-Тоғыс көшелерінің 7,4 км, Көктөбе көшесінің 0,484 км, Қ.Дүйсемұратұлы көшесінің 1,725 км, Базар көшесінің 1,035 км, Жамбыл елді мекеніндегі Беласар және Алатау көшелерінің 1,455 км, Кенесарық елді мекеніндегі Айнабек көшесінің 1,9 км, Ақбастау елді мекеніндегі Қотырбұлақ көшесінің 0,85 км, Әңгірата елді мекеніндегі Ардагерлер көшесінің 0,925 км, Бұлақты көшесінің 1 км жолдары жөндеуден өткізіледі.

Сонымен қатар, тұрғындар көп айтатын Ленгір қаласындағы Төлеби көшесінің 6 шақырым жолы жөнделеді. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 230,0 млн теңге қаралды. Ә.Бектаев көшесінің 3,3 шақырым жолы да назардан тыс қалған жоқ. Бюджет қоржынынан 126,0 млн тенге қаржы бөлінген көшеге асфальт төсеу жұмыстары шілде айында басталатын болады.