ТҮРКІСТАН: Төлебиде саумалмен емдеу орталығы іске қосылды

0
1 117

Орталық бір кезеңде 50 адамды қабылдап, емдеуге мүмкіндігі бар.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде саумалмен емдеу орталығы іске қосылды

Төлеби ауданында төрт саумалмен емдеу орталығы іске қосылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында саумал терапиясы қарқынды дамыған. Осы бағытта Төлеби ауданы, Қоғалы ауылдық округі, Диханкөл елді мекенінде жалпы төрт саумалмен емдеу орталығы іске қосылған. Соның бірі – «Арғымақ саумал» шипайжайы. Жеке кәсіпкер Жұмабек Жақсыбеков емдеу орталығының құрылысына өз қаражаты есебінен 150 млн. теңге жұмсаған.


Орталық бір кезеңде 50 адамды қабылдап, емдеуге мүмкіндігі бар.


Саумалмен емделушілер республикамыздың барлық аймақтарынан келіп, орталықта тынығып, ем алуда. Шипажайда емделушілерді бір күнде төрт мезгіл саумал, үш мезгіл ыстық тағаммен қамтып, жатын бөлмелері қажетті жуын бөлмелері мен WI-FI желісіне қосылған.


Кәсіпкердің айтуынша, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сусынымыз қымыздың адам денсаулығына берер пайдасы орасан зор екенін ескерсек, қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп екен.


Аудан басшысы Төлеген Телғараев аталған шипажайға барып, кәсіпкермен тілдесті. Жұмысына сәттілік тілеп, қажетті қолдаулар көрсетілетінін атап өтті.


Айта кетейік, бұл орталыққа жылдың кез-келген мезгілінде келуі үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.