ТҮРКІСТАН: Төлебиде шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері талқыланды

0
705

«Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламары туралы айтылды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері талқыланды

Төлеби ауданында кәсіпкерлік саласының мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ленгір қаласындағы Кәсіпкерлік мектебі ғиратында кәсіпкерлермен кездесу өтті. Жиынға Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбахыт Иманқұлов, «Тurkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ директоры Сапарәлі Құрбанов, Төлеби ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев, ауданның бірқатар кәсіпкерлері және сала мамандары қатысты.


Кездесу барысында шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар, кәсіпкерлікеке көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар мен жеңілдіктер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламары туралы айтылды.


Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбахыт Иманқұлов өз сөзінде облыс басшылығы тарапынан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін жүйелі шаралар жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Кездесу соңында кәсіпкерлер көкейінде жүрген сұрақтарынын қойып, ұсыныстарын жеткізді.