ТҮРКІСТАН: Төлебиде сот ғимаратының құрылысы басталды

0
79

Ғимараттың жалпы ауданы – 1103,67 шаршы метр.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде сот ғимаратының құрылысы басталды

Төлеби аудандық сотының жаңа ғимараты салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданына қарасты Алатау мөлтек ауданында «Төлеби аудандық сотының» жаңа ғимаратының құрылысына арналған капсула салу рәсімі өтті.


Салтанатты шараға Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Едігеұлы, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, ҚР сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша басқармасының басшысы Абзал Апбас қатысып, құқық пен әділеттің ордасы болатын жаңа ғимарат ел игілігіне қызмет етіп, халқымызға адалдықпен қызмет етсін деген ізгі тілегін жеткізді.


Заманауи талаптарға сай салынып жатқан ғимараттың құрылыс жұмыстарын инвестор – «РМ-СнабСервис» ЖШС жүргізеді. Жалпы аумағы 3898,05 шаршы метр. Екі қабатты еңселі ғимараттың жоба құны – 807,830 млн. теңге. Құрылыстың іске асыру мерзімі 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Ғимараттың жалпы ауданы – 1103,67 шаршы метр.


Жоба аясында сот процесстерін цифрландыру, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау және әділеттіліктің ашықтығын қамтамасыз ету көзделген.

Бөлісу