ТҮРКІСТАН: Төлебиде жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді

0
681

Конкурстық құны – 538,9 млн теңге.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді

Төлеби ауданының орталығында өрт сөндіру депосы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында заманауи талапқа сай 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы ашылды. Өрт сөндіру депосының құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған болатын. Тапсырыс беруші – Түркістан облысының әкімдігі. Құрылыс жұмыстарын «АвтоРемСтрой» ЖШС-гі жүргізген. Конкурстық құны – 538,9 млн теңге.


Жаңа өрт сөндіру депосының ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов арнайы келді. Ол өрт сөндіру қызметкерлерін жаңа ғимаратпен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ аудан әкімі Төлеген Телғараев, мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.


Аудан әкімі табиғи апат немесе қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау салдарынан туындайтын өрттермен бетпе-бет келіп, қаһармандықтың үлгісін көрсетіп жүрген азаматтарды жаңа қоныстарымен құттықтады.


Айта кетейік, Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында 1 өрт сөндіру бөлімі, 2 сөндіру бекеті жұмыс істейді. Өрт сөндіру бекеттері Зағамбар және Көксәйек елді мекендерінде орналасқан. Жалпы қызметкерлер саны – 94. Мұнда 8 заманауи өрт сөндіру техникасы мен 3 арнайы техника бар.