ТҮРКІСТАН: Төлебилік азамат үйіргелік жеріне таңқурай еккен

0
800

Аталған сорт түрінің ерекшелігі — жемістері ірі әрі мол өнім береді.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік азамат үйіргелік жеріне таңқурай еккен

Төлебилік шаруа үйіргелік жеріне таңқурай егіп, күніне 40 келі өнім алып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіне қарасты Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Құдабек Ақылбеков 50 соттық үйіргелік жеріне танқурайдың «Атлант» түрін еккен. Аталған сорт түрінің ерекшелігі — жемістері ірі әрі мол өнім береді. Салмағы 5 грамнан асатын жидектердің тәтті және шырынды дәмі бар. Жаңа піскенде жеуге, сондай-ақ өңдеуге және мұздатуға жарамды.


Шаруа өнімдерін елді мекендегі сауда орындарына өткізуде. Бұған қоса, тосаптар, мармелад мен табиғи шырындар дайындайды. Арнайы кондитерлік өнім дайындайтын кәсіпорындарға өткізіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Піскен таңқурайды теруге көршілері, ауыл тұрғындары да көмек беріп, күнделікті 40 келі өнім жинауда.


Айта кетейік, өңірдің топырақты-климаттық жағдайы бүлдірген мен таңқурай секілді түрлі жеміс-жидектерді өсіру үшін өте қолайлы болғандықтан, елді мекен тұрғындары үйіргелік жерлеріне көкөніс, жеміс-жидек егуде.