​ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер өз қаржысына көшені асфальттап берді

0
1 084

Өткен жылы бұл кәсіпкер ел игілігі үшін көпірлердің бірін жөндеп берген болатын.


​ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер өз қаржысына көшені асфальттап берді

Төлеби ауданы Ленгір қаласы Қ.Ешенқұлұлы көшесінің тұрғындары үшін жомарт кәсіпкер Ғабит Ешенқұлов көшеге жаңа асфальт төсеп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол өз қаржысы есебінен халық игілігі үшін 2018 жылы Ленгір қаласы Қ.Ешенқұлұлы көшесі бойындағы көпірді жаңалап салса, биыл 1 шақырымды құрайтын жолды жөндеуден өткізді.

Көшенің гүлденуіне сүбелі үлес қосып жүрген кәсіпкерге тұрғындар ризашылықтарын білдіруде.

Айта кетейік, 2019 жылдың 22 мамырында өткен аппараттық мәжілісте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Облысымызда көптеген бизнесмендер «сауапты істер» жасап жатады. Олардың кейбіреулері тек мешіт салуды ғана «сауапты іс» деп санап, мешіт тұрғыза бастайды. Әрине, қажеттілік бар жерлер болса мешіт салынуы керек. Бірақ, «сауапты іс» жасау үшін тек қана мешіт салу міндетті емес. Мектептер, балабақшалар, көпір салу, жол салу секілді қоғамға пайдалы істер де сауапқа жатады», - деп айтып өткен болатын.

Осы орайда Төлеби ауданының ауқатты кәсіпкерлері тарапынан мұндай бастамалар жалғасын табатын болады.