ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы 2022 жылы 100% газбен қамтылады

0
644

Құрылыс жұмыстары басталған газ құбыры 2022 жылы пайдалануға берілетін болады.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы 2022 жылы 100% газбен қамтылады

Түлкібас ауданында көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 99,5%-ды құрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданы қазіргі таңда 99,5% көгілдір отынмен қамтылған. Ағымдағы жылы Иірсу ауылында құрылыс жұмыстары басталған газ құбыры 2022 жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде аудан 100% табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұт мәлімдеді.


2021 жылдың 9 айының қорытындысымен аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 58 млрд 728,6 млн теңгені құраған. Ал ауданға тартылған инвестициялар көлемі есепті кезеңде 6 млрд 871,1 млн теңгеге жеткен.


«Ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуын арттыру мақсатында 1 ірі, 3 орта, 24 кіші және 4 қосалқы барлығы 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде белсенді жұмыс атқаратыны - 22, мезгілді жұмыс атқаратыны – 10. 2021 жылдың 9 айының қорытындысымен кәсіпорындар 10 млрд 203,8 млн теңгенің өнімін өндірген. Ал ауыл шаруашылығы саласының өнім көлемі 9 айда 38 млрд 16,6 млн теңгені құрады», - деді Нұрлан Мархабатұлы.


Ауданда ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен 18 509 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, аймақта 36 туристік нысан жұмыс істейді. Тоғыз айда жалпы ауданға 5 261 турист келген. Бүгінгі таңда туризм саласын дамытуға аудан бойынша 2 жоба іске асырылуда. Олар: «Etno Park Resort» этно ауыл жобасы мен «Таң Нұры» ЖШС емдеу сауықтыру кешені.