ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында мыңнан астам электр бағанасы жаңартылады

0
86

Ескірген 9 дана трансформатор ауыстырылады.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында мыңнан астам электр бағанасы жаңартылады

Түлкібас ауданында тозығы жеткен 1 мыңнан астам электр бағанасы жаңартылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданы аумағында тұрғындарды сапалы электр энергиясымен және көшелерді түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, алдағы жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» аудандық филиалының жоспарына сәйкес, Арыс, Балықты, Майлыкент, Мичурин және Машат ауылдық округтеріндегі тозығы жеткен 1 мыңнан аса бағана ауыстырылып, 34 шақырымға жуық электр желісі жаңартылады. Сондай-ақ, электр қуатын арттыру мақсатында ескірген 9 дана трансформатор ауыстырылады.


Сонымен қатар, түнгі уақытта тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында алдағы жылы 10 елді мекеннің ішкі көшелеріне 2 мыңға жуық жарықшам орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда мердігерді анықтау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінде аудан аумағындағы 464 ішкі көшенің 325 көшесі жарықтандырылған.

Бөлісу