​ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында суармалы егістік алқабы 1115 гектарға ұлғаяды

0
1 171

Мамандарының айтуынша, суармалы жерлерді ағынды сумен жабық темір құбыр арқылы қамтамасыз ету, темір бетонды каналға қарағанда 3 есе артық тиімді екен.


​ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында суармалы егістік алқабы 1115 гектарға ұлғаяды

иллюстрациялық фото

Биыл Түлкібас ауданындағы суармалы алқаптардың аумағы 1115 гектарға ұлғаямақ.

Бұл жетістікке 2019 жылдың желтоқсан айында респубикалық бюджет есебінен 16 шақырымды құрайтын 5 су нысанының іске қосылуы сеп болғалы отыр. Бүгінгінің өзінде аталған нысандардағы құрылыс жұмыстарының 50 пайызға жуығы еңсерілсе, ағымдағы жылдың шілде айында ел игілігіне толық берілмек.

Жаңадан айналымға қосылатын 1115 гектар суармалы жердің 123,2 гектары Шақпақ, 555 гектары Жабағылы, ал 437 гектары Кемербастау ауылдық окруктерінің аумағында орналасқан.

Су шаруашылығы мамандарының айтуынша, суармалы жерлерді ағынды сумен жабық темір құбыр арқылы қамтамасыз ету, темір бетонды каналға қарағанда 3 есе артық тиімді екен.