Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған.
Түлкібас кентінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай жер кезегінде тұрған 30 азаматқа жер телімі берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай жер кезегінде тұрған 30 азаматқа жер телімі берілді. Табыстау шарасына аудан әкімі Нұрлан Байғұт арнайы қатысып, кент тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Он жылдан бері жер кезегінде тұрып, үй соғуға қажетті жер теліміне қол жеткізе алмай жүрген тұрғындар алғыстарын жеткізді.
«Тарих өлшемімен 30 жыл қас-қағым сәт. Міне, осы аз уақыттың ішінде еліміз әлеуметтік-экономикалық дамудың жарқын жолдарынан өтіп, халқымыздың тұрмыс деңгейі артты. Бүгінгі таңда Тәуелсіздіктің жемісін өздеріңіз көргелі отырсыздар. Ауыл шеті ұлғайып, инфрақұрылымы тартылған дайын жер теліміне қол жеткізіп отырсыздар»-деді, аудан басшысы өз сөзінде.
Шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары кент тұрғындарына ән-шашуларын ұсынып, мерекелік көңіл-күйге бөледі.