ТҮРКІСТАН: Түлкібаста ауызсу мәселесін шешуге басымдық беріледі

0
502

Су тапшылығының негізі себебі – бастау көздерінің тартылуы.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста ауызсу мәселесін шешуге басымдық беріледі

Түлкібас ауданында бірінші кезекте ауыз су проблемасын шешуге басымдық беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінгі таңда халықты сапалы ауызсумен қамту әлемдік мәселеге айналып отыр. Мұндай проблема Түркістан облысында, соның ішінде Түлкібас ауданында да байқалады. Аталған аудандағы су тапшылығының негізі себебі – бұрыннан бері ауысу алынып келе жатқан бастау көздерінің тартылуы.


Осыған орай, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Ақбиік ауылдық округіне арнайы барып, Ақбиік, Сарытөр және Құлан ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде аймақтағы өзекті мәселелердің түйінің шешу жолдарын талқыланды.


Осы орайда, елдімекендердегі ауызсу тапшылығын жою мақсатында биыл Сарытөр ауылынан жаңа су жинайтын қойма соғылып, су мұнарасы орнатылып жатқанын айта кету керек. Бұл нысан шілде айына дейін толық пайдалануға берілетін болса, Ақбиік ауылының су жүйесіне жаңа сүзгі орнатылып, су тарататын құрылғы жаңартылмақ. Ал, Құлан ауылында жаңа су жинағыш қойма салу қажеттілігі туындап отыр.


Нұржан Жақсылықұлы аталған жұмыстарды бірінші кезекке қойып, сметалық құжаттарын дайындап, жауапты бөлім басшысына мәслихат сессиясына ұсынуды тапсырды.


Сонымен қатар, кездесу барысында тұрғындар тарапынан Ақбиік ауылына жаңа спорт нысанын, Құлан ауылына мәдениет үйін соғу, жол, интернетке қатысты мәселелер көтеріліп, аудан басшысы тарапынан толық жауап берілді.