ТҮРКІСТАН: Түлкібаста ферма өртеніп кетті

0
552

Шөп қоры сақталған екі сарай өртенген.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста ферма өртеніп кетті

Түркібас ауданындағы фермадағы өрт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас АПБ-ға аудандағы ауылдардың бірінің жанында орналасқан фермада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Түлкібас АПБ-ның 10-нан астам полиция қызметкері, өрт сөндірушілер мен прокуратура өкілдері жұмылдырылды.


Тексеру барысында анықталғандай, 18.09.2022 жылы таңғы сағат 3:30 шамасында жергілікті тұрғындардың фермасында белгісіз жағдайда өрт шыққан. Салдарынан шөп қоры сақталған екі сарай өртенген. Тілсіз жаудан зардап шеккендер болғандар жоқ. Шығын көлемі анықталуда.


Қазіргі уақытта Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК 202-бабы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.


Бүгінде орын алған оқыс оқиғаны анықтап, қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Олармен өрттің нақты себептерін айқындау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Бөлісу