ТҮРКІСТАН: Түлкібаста салауатты өмір салты насихатталды

0
1 960

Шара аясынада аудан тұрғындары мен қонақтары медицина саласының мамандарынан кеңес алды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста салауатты өмір салты насихатталды

Түлкібаста салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Денсаулық" фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Мемлекетіміздің басты байлығы – ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз. Қазіргі таңда Түлкібас ауданы денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Осыған байланысты республика аумағында түрлі үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, спорттық жарыстар, фестивальдер ұйымдастырылуда.

Түлкібас ауданы да айтулы істерден қалыс қалып жатқан жоқ. Бүгін «Жеті қазына» аллеясында «Денсаулықтың сандарына жет» деген ұранмен «Денсаулық" фестивалі өтті. Фестивальдің ашылу салтанатында алғашқы сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Е. Күзембаев аудан тұрғындарына және қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Аталмыш шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға қоғамның, бұқара халықтың назарын аудару болатын. Арнайы ұйымдастырылған акция барысында аудан тұрғындары мен қонақтары медицина саласының мамандарынан кеңес алып, қан қысымын, сондай-ақ қандағы қант пен холестериннің мөлшерін анықтап, окулист, хирург мамандарына қаралып, өз денсаулықтарының саулығына көз жеткізді. Сонымен қатар, оқушылар арасында арқан тарту, асық ату және т. б. спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Аудандық өнерпаздар концерттік бағдарламалар қойып, жиналған қауымның көңілін көтерді.