«Балалар» жылына арналған игі шаралар Түлкібас ауданында да жалғасын табуда.
Бүгін ауданға қарасты Шұқырбұлақ елді мекенінде ауыл тумасы Әбдіраймов Бағжан Елетанұлының демеушілігімен жаңа кіші футбол алаңшасы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданында 9 кіші футбол алаңшасы бар. Биылғы жылдың өзінде аудан әкімдігінің қолдауымен, демеушілер есебінен 3 кіші футбол алаңшасы ашылып, пайдалануға берілген. Алдағы уақытта тағы да демеушілер есебінен Азаттық және Жәрімбетов елді мекенінен жаңа спорт нысандары бой көтермек. Қазіргі уақытта нысандардың құрылысы жүруде.
Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдың 7 ай қорытындысымен Түлкібас ауданы тұрғындарының 34,8 % тұрақты спортпен шұғылдануда. Бұл көрсеткішті биылғы жылы 38,6 % -ға жеткізу жоспарланып отыр.