ТҮРКІСТАН: Түлкібаста спорт нысандарының саны көбейіп жатыр

0
659

Спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 34,7 %-ға жетті.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста спорт нысандарының саны көбейіп жатыр

Түлкібас ауданында спорт нысандарының саны артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жергілікті кәсіпкерлер тарапынан 5 спорттық нысан ашылып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде үшеуі кәсіпкерлік нысан ретінде ашылса, екі нысан демеушілер есебінен ауыл тұрғындарына тарту етілді.


Атап айтсақ, Т.Рысқұлов ауылынан «Байқадам» футбол манежі, «Нур-Фари» фитнес клубы мен күрес залы, Балықты ауылындағы «Форсе фит» фитнес клубы кәсіпкерлік нысан ретінде ашылып, тұрғындардың сүйікті орындарына айналып үлгерді.


Сонымен бірге, жомарт жанды азаматтар тарапынан Қожамберді және Шақпақ-баба ауылдарында жасанды кіші футбол алаңы ашылып, ауыл тұрғындарына тарту етілді. Одан бөлек, М.Жәрімбетов ауылында жеке кәсіпкер есебінен футбол манежі, жүзу бассейні және жаттығу залының құрылысы жүріп жатыр. Саладағы игі істер нәтижесінде қазіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 34,7 %-ға жетті.