ТҮРКІСТАН: Түлкібастық ару Лаура Мұхтар Еуропаның вице-миссі атанды

0
2 318

Украинаның Киев қаласында «Мiss Queen Europe»​ юайқауы өтті.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық ару Лаура Мұхтар Еуропаның вице-миссі атанды

Түркістан облысығ, Түлкібас ауданының тумасы, Алматы қаласының тұрғыны Лаура Мұхтар «Мiss Queen Europe» халықаралық байқауының 1-ші «Вице - мисс» титулын жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Украинаның Киев қаласында өткен байқауда Лаура Мұхтар «Мiss Queen Europe» 1-ші «Вице - мисс» жеңіп, бағалы сыйлықтармен 50 мың евроны иемденді. 50 мемлекеттен қатысқан арулар арасында қазақстандық ару өзінің сұлулығымен, ақыл-парасатымен әділқазылардың оң бағасына ие болған.

Халықаралық деңгейдегі сарапшыларды Лаураның киіп шыққан халқымыздың ұлттық киімі мен әшекейлері, қазаққа ғана тән ерекше мәнері, тартымды болмысы, сән-салтанаты тәнті етті. Байқауда арулар сән үлгілерін көрсетіп ғана қоймай, сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейлерін дәлелдеді. Лаура бұған дейін де отандық және шетелдік сұлулық байқауларына қатысып, топ жарып жүрген. Мәселен, былтыр “Алматы аруы” атағын алса, одан кейін Лондонда өткен «Miss USSR UK» сұлулық байқауының вице-миссі атанды.

Лаура Серікқызы Түлкібас ауданы орталығындағы Ломоносов мектебінің түлегі. Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер колледжінде театр факультетін үздік тәмамдаған. Бүгінде ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының соңғы курсында «Кино ТВ және режиссура» мамандығы бойынша білім алуда. Жас күнінен талантты, жан-жақты қыз Лаура Мұхтардың келешегінен ұстаздары зор үміт күтеді. Л.Мұхтар бүгінде Алматыда танымал «Томирис» шоу балетінің хореографы болып қызмет істейді. Сонымен бірге «Тұмар ханым» триосы құрамында ән айтады. Бірнеше клиптерге, отандық сериалдарға да түсіп үлгерген. Гимнастика, спорт, ән-би және кино Лаураның айнымас серігі.