ТҮРКІСТАН: Түлкібастық түлектер өмірден өткен сыныптастарының отбасына үй сыйлады

0
618

Эстафетаны 2003 жылғы түлектерге өткізді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық түлектер өмірден өткен сыныптастарының отбасына үй сыйлады

Бес жыл бұрын елімізде алғашқы рет Түлкібас ауданынан бастау алған игі шара биыл да жалғасын тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Осыдан бес жыл бұрын елімізде алғашқы рет Түлкібас ауданынан бастау алған игі іс-шара биыл да өз жалғасын тапты. Дәлірек айтсақ, бүгін Түлкібас ауданындағы Абай мектеп-лицейі мен Б.Садықов жалпы орта мектебін 2002 жылы бітірген түлектер 3 баланы өсіріп отырған құрдастарының жарына аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып берді. Осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуі өмірден өткен Сыздықова Айкерім осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген екен. Мұны естіген күйеуінің сыныптастары 20 жылдық басқосуда той тойлағанша, өмірден өткен достарының әруағына құран бағыштап, қиындыққа тап болған әйеліне үй сыйлауды шешкен.


Игі іс-шараға аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, округ әкімі, ауыл ақсақалдары, мәслихат депутаттары мен ауданның бас имамы М.Серік, ардагер ұстаздар мен түлектердің ата-аналары арнайы қатысып, Бесбаевтар отбасын жаңа қонысымен құттықтады.


Іс-шара соңында дәстүрге сай 2002 жылғы түлектер қайырымдылық эстафетасын 2003 жылғы түлектерге өткізді.