Денсаулық, білім салаларына қатысты мәселелер көтеріліп, қысқа мерзімді оқыту жұмыстарын қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Түркістандық тұрғындар жеке қабылдауда әлеуметтік мәселелерді көтерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Бүгін кезекті рет облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға Түркістан қаласының және Жетісай, Сауран, Келес, Отырар аудандарының тұрғындары келді. Олардың басым бөлігі әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, несие жабу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру жайын қозғады. Сонымен қатар денсаулық, білім салаларына қатысты мәселелер көтеріліп, қысқа мерзімді оқыту жұмыстарын қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Қоғамдық жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу сияқты бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты. Бейсенбай Тәжібаев көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып, заңдылығын түсіндірді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, орындалу барысын бақылауға алды.