Түркістан тұрғындары аллея салу жобасын өздері жасап жатыр

0
1 065

Қолайлы орта қалыптастыруына арналған семинарлар жалғасады.


Түркістан тұрғындары аллея салу жобасын өздері жасап жатыр

Түркістандықтар бос аумаққа қандай жоба салу қажеттігін енді өздері таңдайды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Енді Түркістан қаласының тұрғындары көше алдындағы бос аумаққа қандай жоба салу қажеттігін өздері таңдайды. Тиісінше мамандар шағын аллея, кіші арбат салуға мүмкіндік бар аумақтарды таңдап, сол маңдағы халықпен жүздесіп, эскизін бірге жасап жатыр. Онда тұрғындардың мақсаты мен ойы қандай, нендей дүние және қалай болғанын қалайды, барлығы дерлік тыңдалып, сәйкесінше жобаны өзгертіп, үшінші кездесуде нақты біреуіне тоқталады.

Мысалы, Әмір Темір көшесі бойындағы семинарға қала әкімі Рашид Абатұлы қатысып, екіжақты байланыстың орнағанын көрді. Яғни, бұған дейін жобалар архитекторлармен жасалса, ондағы әр азаматтың ойы ескеріліп, #ХалықтықЖоба пайда болады. Сондықтан, қала басшысы әр бастамадан шет қалмай, идеяларын қосуға шақырып, мұның өзі қала дамуына қосқан үлес екенін жеткізді.

Атап айтсақ, аумақ халқының бір сәт демалып, қолайлы орта қалыптастыруына арналған семинарлар жалғасатын болады. Жалпы, алдағы уақытта Н.Төреқұлов, Сырғақ батыр, Тәуке хан және С.Сейфуллин көшелерінде де кездесулер өтіп, жобаға сай құрылыс басталмақ.