ТҮРКІСТАН: Түркістандық параспортшылар жеңіспен оралды

0
810

Командалық есепте 1 орын алды.


ТҮРКІСТАН: Түркістандық параспортшылар жеңіспен оралды

Ақтау қаласында парапауэрлифтингтен ҚР чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ақтау қаласында парапауэрлифтингтен ҚР чемпионаты өтті. Ел чемпионатына республикамыздың барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Спартакиадада Түркістан облысының көру қабілеті зақымданған спортшылары командалық есепте 1 орын алды.


Атап айтқанда, Мұхтар Қалменов, Зәуре Әйтек, Бағланбек Оналбек, Фахриддин Нарзулла, Ақтолқын Сейілбек, Дилором Дыханова алтыннан алқа тағынды. Нұрдәулет Әділбеков пен Сүйініш Еркінов күміс, Абзал Шакеев қола жүлдегер атанды. 6 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленген параспортшылар Түркістанға оралды.


Облыс намысын қорғаған спортшыларды Түркістан облысының мүгедектерге арналған “Сауран” спорт клубының ұжымы, туған-туыстары мен жанкүйерлер күтіп алды.

Бөлісу