ТҮРКІСТАН: «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрме өтті

0
2 307

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрме өтті

«Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысындағы «Руханият- Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеге Түркістан облысының ұлы тұлғалары - Әбу Нәсір әл-Фараби, ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы, күйші Сүгір Әліұлы, ән падишасы Шәмші Қалдаяқов, мәдениет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтерге қатысты түпнұсқа жәдігерлер мен Отырар қалажұртынан табылған археологиялық, нумизматикалық артефактілер және Арыстанбаб кесене-мешітінде 1930 жылдарға дейін болған мұсылман кітапханасының кітаптары, жалпы саны 62 дана жәдігер қойылды.

Іс-шараға Қармақшы аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері, өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері, оқушылар, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.