ТҮРКІСТАН: "​Түркістаным-тұраным" атты бұқаралық марафон өтті

0
1 530

«Түркістаным-Тұраным» атты бұқаралық марафон 1000-нан аса адам қатысты.


ТҮРКІСТАН:

Елбасы Жарлығымен Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Түркістаным-Тұраным» атты бұқаралық марафон өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен тұңғыш рет ұйымдастырылған жарысқа облыстың барлық аймағынан 1000-нан аса тұрғындар қатысып, жеңімпаздарды анықтады. Алдымен марафонға қатысушыларды облыстық спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев құттықтап, мықтылардың жеңіске жетуін тіледі. Марафон Парасат саябағынан басталып, Қазыбек би көшесі арқылы Есімхан алаңында аяқталды.

Жалпы 5 шақырым қашықтықты құрайтын марафонға 5 жастан 75 жасқа дейінгі тұрғындар қатысып, белсенділік танытты.

Тартысқа толы бәсекеде мәре сызығын бірінші болып, кентаулық Ардачер Захитдинов кесті. Ол қарсыластарын ат шаптырым жер артқа тастап мықтылығын дәлелдеді. Ал, екінші орынды Ақтілек Құралбай иеленсе, үшінші орынды Бақдаулет Абдужамал еншіледі. Ондан бөлек марафонға қатысқан ең жас 5 спортшымен жасы 70 тен асқан 5 марафоншыға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.