ТҮРКІСТАН: Үкіметтік емес ұйымдар күніне орай іс-шара өтті

0
525

Бірқатар азаматтар арнайы Алғыс хатпен марапатталды.


ТҮРКІСТАН: Үкіметтік емес ұйымдар күніне орай іс-шара өтті

Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдар күніне арналған іс-шара болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен 27 ақпан – Дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйымдар күні мерекесіне арналған іс-шара болып өтті. Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы тұтынушылар кооперативтері мен кәсіпкерлік субъектілерінің қауымдастығы ЗТБ төрағасы Шәріпбек Жамалбек, «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының Президенті Инара Намазбаева және облыстағы белсендік үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен өкілдері қатысты.


«Үкіметтік емес ұйымдар – елдегі азаматтық қоғамның қалыптасуына зор үлес қосып, әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелердің шешімін табуы жолында аянбай еңбек етуде. Қазіргі таңда Түркістан облысында 465 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Ұйым өкілдері өңірдің түрлі салалары бойынша бастамалар көтеріп, өзекті мәселелерді шешуге атсалысып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жария еткен «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы Біздің алдағы даму бағытымыздың шамшырағы іспеттес. Қазіргі таңда қоғамның даму үдерісі мүлде жаңаша сипат алып отыр. Ең басты міндет – халықтың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы, Тәуелсіздіктің тұрақтылығы. Осы жолда Үкіметтік емес ұйымдардың да қосар үлесі мол деп білемін. Алдағы уақытта да Баршаңызды Жаңа Қазақстанның өркендеуі жолында бірлесе қызмет атқаруға шақырамын», - деді жиынды ашып, жүргізіп отырған Аңсар Өсербаев.


Сондай-ақ, жиында сөз алған Үкіметтік емес ұйым жетекшілері өңірдегі азаматтық қоғамның дамуына қатысты ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салды. Басқосу барысында бірқатар азаматтар облыс әкімінің орынбасары С.Қалқамановтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.