ТҮРКІСТАН: Үстел теннисінен өткен ашық біріншілік аяқталды

0
458

Түркістан қаласы 8 медаль еншіледі.


ТҮРКІСТАН: Үстел теннисінен өткен ашық біріншілік аяқталды

Түркістанда «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында үстел теннисінен өткен ашық біріншілік аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Спорттық шараға Қызылорда, Шымкент, Жетісай, Сарыағаш, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандарынан келген 300-ге жуық спортшы қатысты.


Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қалалық «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Әнуар Сәрсенбаев құттықтап, арнайы алғыс хат пен кубоктарын табыстады.


«Үстел теннисі – пайдасы мол спорт. Ақыл-ойды сергітіп, мидың саулығын сақтайды. Шапшаңдық арқылы буындарға да жақсы әсер береді. Бұл спорт түріне жастардың қызығушылық танытып, сайысқа қатысып жатқанына қуаныштымын. Жас спортшыларға алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін», - деді Әнуар Сәрсенбаев.


Сайыс қорытындысы бойынша 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында Түркістан қаласы 8 медаль, Шымкент қаласы 15 медальды иеленсе, Қызылордалық спортшылар 4 медальды қанжығаға байлады. Сарыағаш қаласы, Созақ пен Сауран аудандары бір-бір жүлдені місе тұтты.