ТҮРКІСТАН: Вице-министр бизнес өкілдерімен кездесті

0
565

Басқосу барысында отандық өнімдердің экспортын ұлғайту, тұрғындардың табысын арттыру жайы талқыланды.


ТҮРКІСТАН: Вице-министр бизнес өкілдерімен кездесті

Сауда және интеграция вице-министрі түркістандық кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапарымен ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев келді. Ол өңірдің бизнес өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізді. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров модераторлық етті.


Алдымен, вице-министр Министрлік тарапынан салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Жергілікті кәсіпкерлер бизнес жүргізу үшін қалыптасқан жағдайды одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстарын айтып, отандық кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа механизмдерін енгізу мүмкіндіктерін қарастыру туралы өтініштерін айтты. Одан бөлек, басқосу барысында отандық өнімдердің экспортын ұлғайту, тұрғындардың табысын арттыру жайы талқыланды.


Жиын соңында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев көтерілген әрбір мәселе назаға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Кәсіпкерлікті дамытуға Министрлік бар күшін салатынын, ұсыныстар бойынша бірлесе отырып жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Кейбір мәселелер бойынша жұмыстар басталып кеткенін мәлімдеді. Жұмыстар бақылауда болады.