ТҮРКІСТАН: Жайылымның жырын депутаттық комиссия зерделеуге кірісті

0
625

Қорық иелері қорық аумағына кіріп кеткен малдары қуалаумен әлек.


ТҮРКІСТАН: Жайылымның жырын депутаттық комиссия зерделеуге кірісті

Өткен жолы Хантағыда тұрғындармен кездескенімде алдымнан жайылым мәселесі шыға келген болатын. Шынын айтсам ауыл адамдарының шыдамдылығына әуесім кетті. Оң жағыңа қарасаң да тас, сол жағыңа қарасаң да тас кілең жалаң тастың ортасында отырып мал асырап отырғанына таң қаласыз. Кеңес дәуірінде Мырғалымсай жұмысшы поселкесінің негізінде Ащысай, Байылдыр, Хантағы поселкелері құрылып Кентау қаласына әкімшілік басқаруға берілген, ал тұрғындар өндіріс орындарында жұмыспен қамтылған болатын. Ол кез артта қалып 2008 жылы Ащысай, Байылдыр, Хантағыға ауыл статусы берілді. Түгелдей тұрғындар мал шаруашылығымен айналыса бастады. Алайда Кентау қаласы өндірістік қала болғандықтар жайылым жер қарастырылмаған. Соның азабын тұрғындар тартуда. Малдары былай шықса тасқа. былай.шықса қорыққа барып тіреледі. Қорық иелері қорық аумағына кіріп кеткен малдары қуалаумен әлек.


Соған қарамастан Хантағыда-1967 ірі қара, 379 жылқы, 9862 уақ мал, Байылдырда 1424 ірі қара, 218 жылқы, 5187 уақ мал болса Ащысайда 658 ірі қара, 212 жылқы, 8658 уақ мал бар. Халықтың күн көрісіне жарап тұрған азығы да ақшасы да табысы осы малдары. Республика бойынша “Жер Аманаты” жобасы қызу жүру үстінде. Нәтижелері туралы шаруалардың өзі қуана-қуана айтып жүр. Бір тиімділігі мол “ AMANAT» партиясының үлкен әрекеті нақты тірлігі болды деп риза болғандар қаншама.


Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаттарынан құрылған уақытша комиссия алғашқы жұмысын Кентау қаласы Қарнақ ауылынан бастады Комиссия төрағасы Н.Әбіш орынбасары Т.Қалмұратов. Өзге комиссия мүшелері депутаттар облыстық мәслихаттағы аграрлық мәселелер бойынша тұрақты комиссияның мүшелері. Кездесуге Кентау қаласы әкімінің орынбасарыҒ.Үсенбаев, Ащысайлық, Байылдырлық, Хантағылық елағалары Айтбаев Ескендір, Қанай Әбілда және әр ауылдың белсенділері ауыл әкімдерімен кездесуге келіп жандарын мазалап жүрген жайылым мәселесін қозғады. Қазіргі уақыттағы жайылым жерлердің қажеттігі, шекараны өзгерту ұсынысы бойынша арнайы ситуацияны анықтап түсіндіруге арналған карта жасалынды. Алдағы уақытта бас аяғы 75,5 мың гектар жердің жайылымға Кентау қаласы елді мекендеріне қосып беру жоспарлануда, бұл жөнінде облыстық мәслихаттың шешімі шығып заңды рәсімделу үшін ұсынылғанын облыстық Жер қатынастары басқарма басшысы Тілеген Ерғали баяндады


Ащысай ауылына қосылатын жерлер:

- Жалпы жер көлемі Ащысай ауылы бойынша 15465,48 га. Қосылатын жерлер Жаңа Иқан а/о – 7044,06 га жайылым) Жүйнек а/о – 7475 га жайылым

- Байылдыр ауылына қосылатын жер телімдері:

- Оранғай а/о 16503,80 га (5961,58 га жайылым, 10542 га ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерлері); Иассы а/о 4333,83 га жайылым

- Жалпы жер көлемі Байылдыр ауылы бойынша 24361,32 га.

- Хантағы ауылына қосылатын жер телімдері:

- Шаға а/о – 3783,05 га; (3594,7 га жайылым, 125 га өнеркәсіп жерлері, 7 га ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, 17 га су қоры, 120,53 елді мекен жері);

- Оранғай а/о – 1300,19 га; (1126,19 га жайылым, 174 га өнеркәсіп жерлері);

- Иассы а/о – 34548,94 га; (9187 га жайылым, 10 га өнеркәсіп жерлері, 25181 га ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, 171 га су қорытының жері); Жалпы жер көлемі Хантағы ауылы бойынша 45220,20 га құрайтын болады.


Қорық мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп уақытша депутаттық комиссияның келесі отырысына Қорық басшылығын шақырып мәмле жасауды ұсындық Өзім Кентаудан сайланған депутат ретінде халық алдында жайылым жырына нүкте қойылуға аз ғана уақыт қалғанына қуандым. Ауыл ақсақалдарының, белсенділердің бізге қарап үміттенуінен бойыма қуат алдым, бірақ жауапкершіліктің жүгін арқалап қайтып барамын. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша алдағы уақытта өтетін облыстық мәслихаттың сессиясының күн тәртібіне енгізуге ұсыныс жасалынып облыстық тиісті басқарма басшысы түгендеу жұмыстары бойынша баяндауы жоспарлану үстінде деді комиссия төрағасы. Бұндай түгендеу жұмыстары Сауранда, Ордабасы аудандарында жалғасын тапты Сауран ауданы бойынша тиісті басқарманың түгендеу жұмыстарының, ауыл әкімдерінің түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 29 жер иеленуші жер телімдерінен бас тартып,одан басқа 19 жер иеленушінің 7726га жер телімі мемлекет мешігінежалпы Сауран ауданы бойынша 8391,63 га жер телімі арнайы жер қорына қайтарылған деп мәлімдеді Сауран ауданы әкімінің орынбасары С. Сәдібаев. Сондай-ақ, Ордабасы ауданы жайылыммен 40 пайызға қамтылған.2022 жылы ауданда 23,4 мың га жердімемлекет меншігіне қайтару арқылы, 23,8 гажерді меморандум арқылы жұмыс жасау жоспарлануда деді. Ордабасыәкімінің орынбасары А.Оралбаев.


Кездесу өткізіліп отырған Шұбар елді мекенінде 11 мың халық қоныстанған. Бердібаев Болысбек Боранбайұлы ауыл биі өз сөзінде Бадам орман шаруашылығының өкілдерін көрмейміз Ордабасы, Қараспан, Көлтоғанда 180 гектар жер қоршап алған мал шаруашылығымен айналысады жалпы 400 гектардың бәрін пайдаланып жатқан жоқ, жер меморандум арқылыжайылымға беріле ме, мемлекет меншігіне алына ма заңдылығына қарап шешу қажеттігі туындауда деп тұрғындары пікірін жеткізді. Қарауылтөбеден өткен жерде кірпіш зауыты салыну жоспарлануда мал жайылымына қиындау болып тұр деп проблемаларды да қозғады. Шұбарсу ауылынан келген Шадыманов Әлидің айтуынша Шұбарсу ауылында халық өте тығыз қоныстанған, алайда ауылшаруашылығы мақсатында жер жоқ. «Бар жоғы 20 шақты ірі малым болатын қазір оншақты ғана қалды сатып біттім. Не істеуім керек?» - деп ойын ашық айтты.


Түркістан облыстық Жер қатынастары басқарма басшысының айтуынша 2022 жылға елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1012,0 мың ға ұлғайту жоспары әзірленіп, облыста екі бағытта жұмыстар атқарылуда. Есептік мерзімде елді мекен тұрғындары 487,7 мың ға (жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жолымен 66,3 мың ға; ірі жер пайдаланушылар мен (орман қорын қоса алғанда) меморандум арқылы 421,4 мың ға) ортақ жайылыммен қамтамасыз етіледі.


Жайылым қоры шектеулі аудандарда жеке қосалқы шаруашылықтардағы малды қорада ұстауды (қарқынды бордақылау, жеке қосалқы шаруашылықтардағы сауын сиырларды қорада ұстау), кооперативтерге біріктіру және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (малды союға тапсыру, сүтті қайта өңдеу), бордақылау алаңдарының желісін кеңейту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудандардағытұрғындардың жайылым жер жөніндегі ойларын тыңдап тұрып сайлаушыларымның мәселесі менің мәселем екенін жадыма түйіп, ауыл ақсақалдарының, белсенділердің бізге қарап үміттенуінен бойыма қуат алдым, бірақ ең үлкен сенім деген жауапкершіліктің жүгін арқалап қайтып барамын.


Калыйма Жантөреева,

«AMANAT»партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Түркістан облысының құрметті азаматы.