ТҮРКІСТАН: Жаңбырлатып суару әдісін қолданатындар көбейіп келеді

0
913

Келесі жылы егістік көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Жаңбырлатып суару әдісін қолданатындар көбейіп келеді

Ордабасы ауданындағы 500 гектар аймақ жаңбырлатып суару тәсіліне көшеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде өңірімізде егістікке түрлі суару әдісін қолдану қарқын алып келеді. Мәселен, бір ғана Ордабасы ауданында тамшылатып суару әдісі арқылы 663 гектарға баубақша өнімдері егіліп, 7 айдағы көрсеткіш 94 пайызды құраған.


Сондай-ақ, Қараспан ауылдық округіндегі «Байдаулет» шаруа қожалығы 10 гектар, Бөржар ауыл округіндегі «Ықылас» шаруа қожалығы 3 гектарға еккен жоңышқа дақылдарын жаңбырлатып суару әдісімен суарып жатыр. Аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың тапсырмасына сәйкес, келесі жылы жаңбырлатып суару тәсілі қолданылатын егістік көлемін 500 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.