Аталмыш құжат туристік әлеуетті дамытуға және өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталып отыр.
Түркістан және Жызақ облыстары арасында байланыс нығайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өңіраралық әріптестікті дамыту аясында Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұловпен бірге Түркістан облысының делегациясы, сондай-ақ қазақстандық іскер топтары Жызақ облысына жұмыс сапарымен барды.
Делегация құрамында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының м.а Қанат Шонбасов, туризм және ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы, «Түркістан» ӘКК өкілдері, өңірдің кәсіпкерлері, сондай-ақ Өзбекстандағы «Astana Motors» және «Freedom broker» компанияларының өкілдері болды.
Жызақ облысының жаңадан тағайындалған әкімі Улугбек Мустафоевпен кездесуде шекара маңындағы сауданы, транзиттік-көліктік әлеуетті және туристік ынтымақтастықты қоса алғанда өзара аспектілерді талқылады.
Елші көршілес екі ел арасындағы сауда номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік беретін және елдер арасындағы ортақ сауданы дамытуға ықпал ететін өңірлердің әлеуетін, облыстарда өндірілетін тауарлар тізбесін зерделеу қажеттігін атап өтіп, іскер топтар арасында тікелей байланыс орнату – экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуда маңызды қадам екеніне, сондай-ақ туристік маршруттарды әзірлеудің және шекара маңындағы аудандардың азаматтары үшін автобус рейстерін іске қосудың маңыздылығына тоқталды.
Жызақ облысының әкімі сауда, туризм (оның ішәнде медициналық), білім беру және басқа да преспективалы бағыттар саласындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын айтып, өңірлер арасындағы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Түркістан облысының туризм басқармасы мен Жызақ облысының «Заамин» демалыс аймағы дирекциясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталмыш құжат туристік әлеуетті дамытуға және өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталып отыр.
Бұл 2024 жылдың қазан айында Самарқанд қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстанның IV өңіраралық форумы аясында басталған жұмыстардың жалғасы.