ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдердің құқығын қорғау мәселесі қаралды

0
861


ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдердің құқығын қорғау мәселесі қаралды

Бәйдібек ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен білім мекемелерінде жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижелері мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында кеңейтілген тәртіпте мекеме аралық мәжіліс өткізілді.


Іс-шара Мемлекет басшысының, Бас прокуратура мен облыс прокуратураларының тапсырмасы негізінде жүзеге асырылды.


Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық орталық аурухана, полиция, төтенше жағдайлар және білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары мен орынбасарлары қатысты.


Күн тәртібінде прокуратураның тексеру нәтижесімен енгізген 30 қадағалау актілерінде көрсетілген 270 астам заң бұзушылықтарды жою, кәмелетке толмағандарды сапалы білім, қауіпсіз қоғам және жайлы мектеппен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Прокуратурамен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңға 75 лауазымды тұлғалар әкімшілік, 125 тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 13130 кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүзеге асуда.