ТҮРКІСТАН: "Жастар еріктілік басқару" оқу-лагері өтті

0
1 586

Шараға 200- ге жуық еріктілер ұйымдарының көшбасшылары жиналды.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Бәйшешек» лагерінде «ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ» тақырыбында екі күндік оқу лагері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шара – биылғы «Жастар жылын» қорытындылау және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған 2020 жыл – «Еріктілер жылын» қолдау аясында өткізілді.
Оқу лагеріне Түркістан облысының барлық аудан, қалаларындағы колледж жəне университеттердің студенттері, соның ішінде 200- ге жуық еріктілер ұйымдарының көшбасшылары жиналды.
Іс-шара барысында жастар еріктілік пен жобаларды басқару, командада жұмыс жасай білу және көшбасшылық қабілеттерін дамыту, ерікті жастар ұйымының жұмысын оңтайлы жүргізу сияқты бағыттар бойынша қызықты дәріс алды.

Тренингке арнайы Түркиядан жеке тұлға ретінде өсу жөніндегі халықаралық тренер-коуч Рамазанов Арслан, Шымкент қаласынан экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Дінмұхамед Жақыпбеков, Нұр-Сұлтан қаласынан Ақпарат және қоғамдық даму комитетінің жобалық менеджері - Бурлаченко Людмила келіп, жастардың біліктілігін шыңдады. «ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ» тренингі жастармен жұмыстың жаңа бағытын айқындап берді.