Түркістан жастары «Мектепке жол» акциясына үлес қосты

0
1 279

30 балаға мектепке арналған сөмке мен оқу құралдары тарту етілді.


Түркістан жастары «Мектепке жол» акциясына үлес қосты

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйлестіруімен «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйлестіруімен «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті.


Акция мақсаты – көпбалалы отбасылар, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының балалары, ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдау.


Шара барысында 30 балаға мектепке арналған сөмке мен оқу құралдары тарту етілді. Сондай-ақ халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталған бірқатар шара ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.


Балаларға көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш сыйлау мақсатында, Түркістан қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялық саяхат жүргізілді.


Айта кетейік, облыстағы әрбір аудан-қалада «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр. 1 тамызда басталған бұл науқан 31 тамызға дейін жалғасады.