«Жарайсың, Волонтер!» жобасының алғашқы кейіпкері болашақ дәрігерлер
Облыстағы волонтерлерді және олардың жұмысын елге таныту үшін Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы «Жарайсың, волонтер!» жобасын бастады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жоба – пандемия кезінде елге көмек көрсетіп жүрген волонтерлардың cезімі мен көңіл-күйін, ойлары мен түсінгендерін жеткізуге арналған блиц-cауалнама. Осының аясында қазіргі күнге дейін Түркістан облысы Кентау қалалық ауруханасында індетпен күреске үлес қосып, пневманиямен сырқаттанып жатқандарды емдеуге көмектесіп жүрген болашақ дәрігер волонтерлердың сұқбаттары жарияланған. Сұқбатта олар волонтер болуға неліктен шешім қабылдағанын және ондағы қиындықтары мен қызықтарын сөз етеді. Тіпті сұқбат барысында кейіпкерлер толқып, көзіне жас алып, майданның ортасында жүрген жауынгерлердей күй кешіп жүргенін айтты.
Шынында да, ішкі қорқынышты жеңіп, жалпыұлттық күресте өз күшін аямай, маңдай терін төгіп жүрген волонтерлардың бұл ісі батылдық һәм батырлық деуге болады.
Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы басшысы Амалбек Өміртайдың айтуынша, қазіргі кезеңде волонтерлардың күші аса маңызды әрі олардың қызметін барынша дәріптеу жастардың да шабытын оятары сөзсіз. «Жарайсың, Волонтер!» жобасының алғашқы кейіпкері болашақ дәрігерлер, ал алдағы уақытта әр салады тер төгіп жүрген волонтерлар еңбегін дәріптеуді міндет етеді.