ТҮРКІСТАН: «Жасырын тұтынушы» әдісімен жүргізілген қоғамдық бақылаудың қорытындысы талқыланды

0
1 116

2019 жылдың 5-айында жүргізілген қоғамдық бақылау қорытындыланды


ТҮРКІСТАН: «Жасырын тұтынушы» әдісімен жүргізілген қоғамдық бақылаудың қорытындысы талқыланды

Түркістан облысында «Жасырын тұтынушы» әдісімен жүргізілген қоғамдық бақылаудың қорытындысы тыңдалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 31 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Ғ.Асанұлының төрағалық етуімен Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыста күн тәртібіне енгізілген алғашқы мәселе «Жасырын тұтынушы» әдісімен 2019 жылдың 5-айында жүргізілген қоғамдық бақылаудың қорытындысы тыңдалды.

Келесі кезекте мемлекеттік қызметшілердің қызметтерді электронды түрде алу үшін ХҚКО-на бару бойынша жүргізілген талдау қорытындысы айтылды.

Осы жылдың 24 - 26 сәуір аралығында «Жасырын сатып алушы» тәсілімен Департамент тарапынан Жетісай аудандық орталық, Асық ата, Атакент, Мырзакент, Мақтарал аудандық емханаларында және Төлеби аудандық, Ленгір қалалық және Сайрам аудандық орталық емханаларында қоғамдық бақылау жүргізілген болатын.

Нәтижесімен кейбір ұйымдардың кассасында №086/е медициналық тексеруден өту парақшасы (бланка) әр түрлі бағамен сатылатыны анықталған. Яғни, Төлеби аудандық емханасында анықтама бланкасы 1420 теңге, Мырзакент емханасында 2400 теңге, ал Жетісай, Сайрам аудандық орталық емханаларында 3000 теңге көлемінде сатылғаны айтылды.

Жиында қорытынды нәтижесімен есеп бергендер қатарында, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Егізбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басқарма басшысы Е.Бөрібеков, Полиция департаменті көші-қон басқармасы бастығының орынбасары Е.Бейсебаев.

Жиын соңында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануды арттыру бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді, бұл ұсыныстар Департамент тарапынан тиісті бақылау орнатылатын болады.