ТҮРКІСТАН: Жер қатынастары басқармасына басшысы тағайындалды

0
1 168

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруды үйлестіру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.


ТҮРКІСТАН: Жер қатынастары басқармасына басшысы тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы басшысы болып Ерғали Тілеген тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тілеген Ерғали Аманкелдіұлы - 1982 жылы бұрынғы ОҚО, Сайрам ауданында дүниеге келген. 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін Экономика (әлеуметтік орта және салалар) мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауыл округі әкімі аппараты инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік меншік мәселелері бойынша маманның міндетін атқарушы болып бастаған.


2009-2012 жылдары Сайрам ауданы Қарасу ауыл округі әкімінің орынбасары, Сайрам ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2012-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ауыл шаруашылығын дамыту, табиғатты пайдалану және кәсіпкерлік мониторингі бөлімінің бас маманы, Облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің протокол жөніндегі бас инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.


2018 жылы Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы ММ Басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2021 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы ММ Жер қатынастарын дамыту және жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруды үйлестіру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.