ТҮРКІСТАН: Жетісай базарларында баға тұрақты

0
1 149

Азық-түлік қорының жеткілікті.


ТҮРКІСТАН: Жетісай базарларында баға тұрақты

Жетісай ауданындағы базарларда баға тұрақты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасына бақылау күшейтілді. Қазір ауданда арнайы мониториг тобы жұмыс жасауда. Олар азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз көтермеу туралы барлық кәсіпкерлерге ескерткен. Қазір аймақта баға тұрақты. Жауаптылар азық-түлік қорының жеткілікті екенін айтып отыр.


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел аумағында енгізілген төтенше жағдай кезінде әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру маңызды. Осыған орай Жетісай ауданы әкімдігі жанынан арнайы жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы топ аудандағы ірі және шағын сауда нүктелеріндегі баға тұрақтылығын қадағалап, ондағы сатушыларға бағаның негізсіз көтеруге болмайтынын айтып, мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде соңғы күндері ауданда ұн, сұйық май сынды тауарлардың бағасы өспеген.


"Жетісай ауданында бағаның тұрақты болуын аудан әкімі Мұрат Болатұлы үнемі назарда ұстап отыр. Көріп отырғандарыңыздай арнайы топ құрып жұмыс істеп жатырмыз. Өздеріңізге белгілі бағаны тұрақтандыру жұмыстары белгілі бір уақытпен шектелмейді. Өйткені, бағаны реттеу бойынша Ел Президенті 6 айға дейін тұрақтандыру туралы тапсырма берді. Алдағы уақытта осы міндетті орындау үшін мониторингтік топ өз жұмысын жалғастыра бермек", - дейді Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Күлішұлы Елшібаев


Айта кетейік, Жетісай ауданында азық-түліктен бөлек ауданда жанар-жағармай мен сұйытылған газ бағасына да мониторинг жүргізілуде. Қазір ауданда жанармай қоры жеткілікті. аудан атқамінерлері бағаның негізссіз көтеріліп кетпеуін бақылауда ұстап отыр. Ол үшін барлық жанар-жағармай құю бекеттерінің иелеріне ескертілген.