​ТҮРКІСТАН: Жетісай қаласында жұмыссыздықпен күрес күшейген

0
2 330

Бүгінде Жетісай қаласы бойынша 2004 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп жұмыс істеп жатыр.


​ТҮРКІСТАН: Жетісай қаласында жұмыссыздықпен күрес күшейген

фото: ашық дереккөзден алынды

Түркістан облысы, Жетісай қаласында өткен 9 айдың қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай қаласында 2019 жылы инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамту ісі бойынша 152 нысанға жергілікті жұмыссыздар тартылған болса, 2 азаматқа жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 15,8 млн теңге несие берілген. Мұнан бөлек жастар практикасымен жұмысқа жолданған 49жас маманның 34-і, әлеуметтік жұмыс орынына жіберілген 88 адамның 42-сі тұрақты жұмыспен қамтылып, 61 қала тұрғыны қоғамдық жұмысқа тартылған.

Бұл жөнінде Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Елшібаев аудан әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Сонымен қатар, қала аумағында құрылысы жүріп жатқан 5 ірі нысандарда нәпақы тауып жүрген құрылысшылардың да басым бөлігі жетісайлықтар көрінеді.

«Бүгінде қала бойынша 2004 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп жұмыс істеп жатыр. Олардың 1953-і жеке кәсіпкерлер болса, 1 шаруа қожалығы мен 50 заңды тұлғалар бар. Ашылған әрбір нысанда кәсіпкерлер жергілікті тұрғындар тұрақты жұмысқа орналастырып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге оң ықпал етіп отыр»,- дейді шаһар басшысы Тұрышбек Елшібаев.

Айта кетейік, 50 жылдық тарихы бар қалаға жыл басынан бері 1 млрд 528 млн 357 мың теңге инвестиция тартылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.