ТҮРКІСТАН: Жетісайда бір күнде 10 мың көшет отырғызылды

0
598

Жетісай ауданы бойынша 28,15 га жерге 23 730 дана ағаш отырғызу жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда бір күнде 10 мың көшет отырғызылды

«Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, Жетісай ауданы бойынша 28,15 га жерге 23 730 дана ағаш отырғызу жоспарланған. Осы орайда Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен қала, кент, ауылдық округтерде 2 мың адамның қатысуымен санитарлық тазалық пен жол бойындағы ағаштарды әктеп, бұтау, егу сынды ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, ауқымды сенбілік өтті. Сенбілік аясында 10 мың дана көшет егілді.


Аталмыш көшеттерге жергілікті қазынадан қаржы қаралмаған. Көшеттер демеушілер мен Түркістан облыстық табиғи ресурстар басқармасы тарапынан жеткізіліп отыр.


Жетісай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мұрындық болуымен өткен шарада елді мекен ішілік жолдардың бойы тазартылып, жасыл желеңге айналдыру мақсатында отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау жұмыстары тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар табиғатты аялауға шақырды.