ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

0
221

250-ге жуық жергілікті тұрғын қатысып, өздеріне қажетті мәліметтермен танысты.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Жетісайда Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағытында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті. Аталған шараға 250-ге жуық жергілікті тұрғын қатысып, өздеріне қажетті мәліметтермен танысты.


Түркістан облыстық "Еңбек мобильділігі орталығының" ұйымдастыруымен өткен «Қоныс аудару» жәрмеңкесіне аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров қатысты.


Жәрмеңке барысында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген делегация мүшелері өңірлердің жай-күйімен, жергілікті азаматтардың тыныс-тіршілігімен, өңірдің перспективасымен таныстырды. Қоныс аударуға ниетті азаматтармен тілдесіп, мемлекет солтүстік облыстарға қоныс аударған азаматтардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде қаржы, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы берілетінін, сонымен қатар қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызу, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуді міндетіне алатынын түсіндірді.


Түркістан облысы республикамыздағы халқы тығыз орналасқан, жұмысшы күші көп аймақ саналады. 2015 жылдан бері Түркістан облысынан жұмыс күші жетпейтін Солтүстік өңірлерге 3 689 отбасының 14 126 мүшесі қоныс аударған. Бұл республика бойынша қоныс аударушылардың 33 пайызын құрайды.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің биылғы жылға бөлген 7050 квотасы негізіген Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау және Қарағанды облыстарының еншісінде.


Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер Жетісай ауданымен қатар Мақтарал, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам және Бәйдібек аудандарында да өткізілетін болады.