ТҮРКІСТАН: Жетісайда құлпынай шаруашылығы қарқынды дамып жатыр

0
110

Көтерме бағада келісін 2 мың теңгеден сатып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда құлпынай шаруашылығы қарқынды дамып жатыр

Жетісайлықтар құлпынай өсіруді қолға алып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Жетісай ауданына қарасты Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан «Хасанбай ата» шаруа қожалығы биылғы жылдан бастап үйіргелік жеріндегі жылыжайында құлпынай өсіруді қолға алып отыр. Шаруашылық бұған дейін аумағы 0,08 сотық жеріне қияр мен қызанақ, болгар бұрышы мен баклажан өсірумен айналысып келген. Бүгінде тұтынушылар тарапынан құлпынай өніміне деген сұраныс жоғары. Көтерме бағада келісін 2 мың теңгеден сатып жатыр.


«Алдағы уақытта өнім көлемін арттыру мақсатында егілетін жердің аумағын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Біз еккен құлпынайдың сорты өнімді жақсы беретіндіктен әр түптен ойдағыдай өнім алып отырмыз. Отбасылық шаруашылық болғандықтан жұмыс көзі қазірше өзімізден артылмайды. Алдағы уақытта жылыжай аумағын ұлғайтып жатсақ жалдамалы жұмысшылардың көмегіне жүгінетін боламыз» дейді шаруа қожалық төрағасы Қабыл Раджапов.


Негізінен құлпынайдың шаруа қожалықтарда жиі егілетін 6 сортының үшеуі ашық далада егіліп, жылына бір рет қана өнім берсе, «Мурана», «Анабиал» және «Альбион» түрлері жылыжайларда егіліп, жыл бойы өнім береді екен.


Биыл өзіне қажетті құлпынай көшеттерін көршілес Сарыағаш ауданынан алдырған шаруа, келесі жылдан бастап көшеттерді өзі өндірмек. Сұранысқа қарай қызығушылық танытқан қожалықтарды қамтамасыз етуге де мүмкіндігі бар екенін айтады.

Бөлісу