ТҮРКІСТАН: Жетісайда қызанақ пісіп тұр

0
850

Жылыжайда тамшылатып суару әдісі жүзеге асырылған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда қызанақ пісіп тұр

Жетісайда жылыжай шаруашылығы дамып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында соңғы жылдары жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биылдың өзінде 5 гектар жерге жылыжай іске қосылып, аудандағы жалпы көлемі 20 гектарды құрады. Ол жерге аудан шаруалары қияр, қызанақ, болгар бұрышы секілді көкөністерді егіп, жылына 2 рет өнім алып келеді. Кәсіп иелерінің жылыжай көлемін арттыруға деген ықыласы ерекше.


Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі Атақоныс ауылындағы "Рәбия" шаруа қожалығы 15 соттық жерге қызанақ еккен. Аталмыш жылыжайда бүгінгі таңда қызанақтың «Аттия» сорты пісіп тұр. Аталмыш шаруа қожалығы 15 соттық жерден 15 тонна қызанақ жинаған. Оның 1 келісін жергілікті тұрғындарға көтерме бағада 300-350 теңгеден сатып отыр. Жылыжайда тамшылатып суару әдісі жүзеге асырылған.