ТҮРКІСТАН: Жетісайда мерекеге қарсы бүлдіршіндерге сый көрсетілді

0
1 364

Балалар театрының қызықты қойылымдарын тамашалап, ертегілер әлеміне саяхат жасады.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда мерекеге қарсы бүлдіршіндерге сый көрсетілді

Түркістан облысы Жетісай ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» атты қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған шараға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев пен аудан мешіттерінің имамдары қатысып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. Дендеріне саулық тілеп, сый-сияпаттарын табыс етті. Аталмыш бөлім мен демеушілер есебінен бүлдіршіндерге түрлі тәттілер таратылды.


Жастайынан тағдыр тауқыметін тартып мүгедектіктіе қамытын киген мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің шығармашылықтарына қолдау көрсетіп, өмірге деген құштарлықтарын арттыру, қоғамның ажырамас бір бөлігі екендіктерін сезіндіру мақсатында өткен шарада аудан өнерпаздарымен қатар мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер де ән салды, өлең шумақтарын оқыды. Армандарын айтып, алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Балалар театрының қызықты қойылымдарын тамашалап, ертегілер әлеміне саяхат жасады.
Шара барысында өз өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген бүлдіршіндер мен шараның өтуіне атсалысқан ауданның қолы ашық кәсіпкерлері аудан басшысының алғыс хатымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.