ТҮРКІСТАН: Жетісайда оқушылар арасында психологиялық семинар-тренинг өтті

0
3 258

Семинар- тренинг барысында мамандар тарапынан жақсы мен жаманның, дұрыс пен бұрыстың, пайдалы мен пайдасыз нәрселердің аражігі түсіндіріліп, оқушылар өзара топтасып жұмыс істеуді, бірлесе жеңіске жетуді үйренді.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда оқушылар арасында психологиялық семинар-тренинг өтті

Жетісай ауданында жастарға психологиялық көмек көрсету мақсатында 100-ге жуық оқушыға семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай қаласындағы N9 «Д.А.Қонаев» атындағы жалпы орта мектебінде облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ мен Жетісай аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының ұйымдастыруымен аудандық ішкі істер бөлімімен біргелікте келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, жастарға психологиялық көмек көрсету мақсатында семинар-тренинг болып өтті. Аталмыш шараға мектептің 100-ге тарта 9-сынып оқушылары қатысты.

Семинарды жүргізіп отырған облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Психологиялық көмек көрсету және дағдарыстың алдын алу» бөлімінің басшысы Ғазиза Тлеубердиева мектеп оқушыларымен еркін форматта әңгіме құрып, ой-пікірлерін тыңдады. Қатысушыларды жеті топқа бөліп, олардың өмір, өнер, достық қарым-қатынас пен мейірімділік, отбасы құндылықтары мен ата-ананың, қоршаған ортаның бала өміріндегі рөлі мен маңыздылығы жайындағы түсініктеріне құлақ түрді.

“Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы” тақырыбындағы семинар барысында қатысушылармен біргелікте “Аппликация”, “Ойланып көрейік”, “Оқуда кездесетін қиындықтарды жеңу” және “Биік шыңға ұмтылу” аутоагентті жаттығулары жасалып, “Батыл жүрек” ойыны ойнатылды.
“Баланың ата-ана алдындағы жауапкершілігі” тақырыбында әрбір топ оқушы мен ата-ана арасындағы, оқушы мен ұстаз арасындағы, достар арасындағы кездесетін түсініспеушіліктер мен келеңсіз жағдайлардың алдын алу, болдырмау мәселелері бойынша көріністер көрсетті.
Іс-шара соңында мектеп ұстаздары оқушылардың қызығушылығын тудырып, белсенділігін арттырған семинар-тренингті ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.