ТҮРКІСТАН: Жетісайда сотты болғандар жұмысқа орналасып жатыр

0
586

32 сотталушы уақытша және тұрақты жұмысқа орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда сотты болғандар жұмысқа орналасып жатыр

Жетісайда жаза басқандарды жұмысқа орналастыру жүйелі жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен халықты жұмыспен қамту орталығында аудандық пробациялық қызметі есебінде тұратын түзету мекемелерінен босатылған және шартты мерзімге сотталған азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.


Жетісай ауданының прокуроры Айдархан Жүнісбековтің бастамасына сәйкес, жоспарлы түрде ұйымдастырылған жәрмеңкеге аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбеков, халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Олжас Қаныбеков, аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Дильшат Назаров бастаған бөлім инспекторлары, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен пробациялық қызметі есебінде тұратын азаматтар қатысты.


Шарада аудандағы түзету мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамдық ортаға қайта бейімдеу мақсатында бос жұмыс орындарына жұмысқа шақыру жәрменкелерін сапалы, нәтижелі ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасып, ұсыныстар талқыланды.


Аудан прокуратурасы мен пробациялық қызмет инспекторлары тарапынан түзету мекемелерінен босатылған азаматтары қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуға, қалыпты өмірге қалыптасуларына ықпал ете отырып әлеуметтік қолдау жасау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болатынын жеткізді.


«Жәрмеңкенің негізгі мақсаты жұмыссыз жүрген сотталған азаматтарды жұмыспен қамту, олардың бос уақытын тиімді пайдалану және қайта қылмыс жасаудың алдын алу болып табылады. Мұндай жәрмеңкелірді бекітілген жұмыс жоспарымызға сай тұрақты түрде өткізіп отырамыз. Қазіргі таңда Жетісай ауданының пробациялық қызметі есебінде 183 сотталған азамат есепте тұрады, оның ішінде белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталғандар саны 46-ны құраса, 8-і жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылғандар, 20-сы шартты түрде сотталғандар. 1 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылса, 110 тұлғаның бас бостандығы шектелген. Жыл соңына дейін есепте тұратындарды тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыруды мүмкіндігінше көбейтуді жоспарлап отырмыз», - деді ауданы прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров.


Айта кетейік, жыл басынан бері Жетісай ауданы әкімінің квотасымен 27 сотталушы, аудандық пробациялық қызмет бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің біргелікте жұмыс жүргізулерінің нәтижесінде тағы 32 сотталушы уақытша және тұрақты жұмысқа орналасқан.


Сондай-ақ, жәрмеңке соңында түрлі себептерге байланысты өмірде аяғын шалыс басып, жазасын өтеп шыққан немесе бас бостандығы шектелген азаматтардың ішіндегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10 отбасыға көмек беру, қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету мақсатында демеушілер есебінен азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттары таратылды.