ТҮРКІСТАН: Жетісайда заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды

0
337

Үстел теннисін дамыту мақсатында салынып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды

Жетісай ауданына қарасты Асықата кентінде заманауи стандарттарға сай спорт кешені бой көтеруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде жер-жерлерде спорт нысандары бой салынып, спортты жанына серік етушілерде күн санап артып келеді.


Заманауи орталық негізінен қимыл-қозғалыстың тездігі, шабуылдың шапшаңдығымен ерекшеленетін спорттың түрі үстел теннисін ауданда дамыту мақсатында салынып жатыр. Аудан басшысы Серік Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов және мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.


Асықата кентінде 1 гектар аумақта орналасатын спорт кешенінің құны 1 млрд теңгені құрайды. «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігінің жеке инвестициясы есебінен іске қосылатын 2 жаттығу залының біріне 9 теннис үстелі, екіншісіне 3 күрес кілемі, бокс рингі, тренажер жабдықтары, сонымен қатар, ерлер бөлмесінде 15 төсектен және әйелдер бөлмесінде 15 төсектен тұратын әкімшілік блок орналастырылатын болады.


Спорт кешені бір мезетте 200-ге жуық адамды қабылдап, жаттықтыруға қауқарлы. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.


Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан көлемінде үстел теннисімен жалпы саны 210 жасөспірім тұрақты түрде шұғылданып келеді.