ТҮРКІСТАН: Жетісайлықтар қырыққабат егуді бастап кетті

0
818

Өткен жылы 38 мың тонна қырыққабат экспортталған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлықтар қырыққабат егуді бастап кетті

Жетісайлық диқандар қаңтар айында қырыққабат егуді бастап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысы, Жетісай ауданы бойынша 78500 гектар аумаққа егіс егіледі жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 мың гектар жерге ерте пісетін қырыққабат егіледі деген болжам бар.


Бүгінде Жетісай ауданында орналасқан Атамекен, Ералиев ауылдық округтерінің диқандары жылы ауа-райын сәтті пайдаланып 5 гектар жерге қырыққабат көшеттерін отырғызып үлгерген.

«Күн-түн демей қараша айынан бастап жылыжайға ерте пісетін «Пандион» жане «Зарисма» көшеттерін өндіруді бастағанбыз. Дайын болған көшеттерді 5 гектар аумаққа отырғыздық. Былтыр осы жерден 300 тонна өнім алып үлгердік, алынған өнімді көршілес елдерге жібереміз. Былтырғы жылы өнім өзін-өзі ақтады», - дейді жерді жалға алып егіп отырған шаруаның бірі Сапар Үсенов.


Айта кетсек, өткен жылы Жетісай ауданында 1097 гектарға қырыққабат егіліп, 38 мың тонна өнім жиналып, экспортталған.