ТҮРКІСТАН: Жетісайлықтарға теріскейге қоныс аударудың тиімділігі түсіндірілді

0
671

«Еңбек» бағдарламасының аясы кеңейген.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлықтарға теріскейге қоныс аударудың тиімділігі түсіндірілді

Жетісайлықтарға халқы аз өңірлергеқоныс аударудың тиімділігі түсіндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде Солтүстік Қазақстан облысы, Уалиханов ауданынан арнайы келген делегация жергілікті тұрғындармен кездесті.


Жетісай аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесудің басты мақсаты – аудан тұрғындарына көші-қон бағдарламасын кеңінен түсіндіру, халқы аз солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды таныстыру. Бұғандейін «Еңбек» бағдарламасы тек 4 облысты, яғни, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтып келген болса, енді бұл бағдарламаға Қарағанды облысының өңірлері де қамтылып отыр.


Жүздесу барысында делегация мүшелері Солтүстік Қазақстан облысы, Уалиханов ауданына қоныс аударуға ниетті азаматтарға бос жұмыс орындары жайында кеңінен мәлімет беріп, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаралатын жеңілдіктер мен қолдаулардың барысымен таныстырып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.


Жиынға қатыса алмай калған, алайда, қоныс аударуға ниетті азаматтар Уалиханов ауданық «Мансап» орталығы филиалының +7 775 272 90 89; +7 771 896 95 19 байланыс номерлері арқылы толық ақпарат алуларына болады.