ТҮРКІСТАН: Жиырмаға жуық отбасы Солтүстік Қазақстанға көшеді

0
1 306

Солтүстікке көштің ауқымы ұлғайып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Жиырмаға жуық отбасы Солтүстік Қазақстанға көшеді

Түркістан облысының 50-ге жуық тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысына сапарға шығып, оның ішінде 20-ға жуық отбасы теріскейде қалуға бірден шешім қабылдаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жақында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен осы көштің басы-қасында жүрген ұлтжанды азамат Бурахан Даһанов өңірімізге келіп, онымен бірге бір аптадай түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесіз емес.


«Солтүстіктің жері құнарлы, онда жұмыс көп, маман тапшы. Біздің өңірдің еңбекқор халқы солтүстікке де тез бейімделіп жатыр. Бірнеше жыл бұрын теріскейдегі жабылғалы тұрған мектеп оңтүстіктен көшіп барған 50 шақты оқушының арқасында жұмысын жалғастырып, ауылдың ажары артты. Қазақ елінің әрбір жері қастерлі. Қолынан іс келетін, мал бағуға, егістікпен айналысуға ебі бар өңір тұрғындарын солтүстікке қоныс аударуға шақырамын», - деді ол.

«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында таяуда Түркістан облысының 50-ге жуық тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысына сапарға шығып, оның ішінде 20-ға жуық отбасы теріскейде қалуға бірден шешім қабылдаған. Қалған тұрғындар алдағы уақытта көшетін аудандарын таңдап, кезең-кезеңімен солтүстікке қоныс аудармақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков мәлім етті.


2016 жылдан бері Солтүстікке көштің жандануына атсалысып жүрген халық қалаулысы Жаңабай Молдабайұлы бұл жолы да өңір тұрғындарының теріскейдегі тіршілікпен танысып қайтуына жағдай жасап, қолдау көрсетті. Спикердің айтуынша, осындай танымдық сапарлар алдағы уақытта да жалғасады.


«Солтүстіктің жері құнарлы, онда жұмыс көп, маман тапшы. Біздің өңірдің еңбекқор халқы солтүстікке де тез бейімделіп жатыр. Бірнеше жыл бұрын теріскейдегі жабылғалы тұрған мектеп оңтүстіктен көшіп барған 50 шақты оқушының арқасында жұмысын жалғастырып, ауылдың ажары артты. Қазақ елінің әрбір жері қастерлі. Қолынан іс келетін, мал бағуға, егістікпен айналысуға ебі бар өңір тұрғындарын солтүстікке қоныс аударуға шақырамын», - деді ол.


Брифинг барысында сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов 2015 жылдан бері жұмыс күші азайған Солтүстік өңірлерге халқы тығыз орналасқан Оңтүстік аймақтарынан халықты көшіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Басқарма өкілінің баяндауынша, 2015-2022 жылдар аралығында Солтүстікке өңірімізден 11 892 адам қоныс аударған. Ал, осы жылдың 5 айында облыстан 206 отбасы, яғни 691 адам көшіп барған.


«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылға республика бойынша 6727 квота бөлді. Қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 8 облыс белгіленген. Олар - Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары. Биыл 19-21 сәуір аралығында Түркістан облысының 9 ауданында еліміздің солтүстік-шығыс 4 аймақтарының өкілдерінің қатысуымен «Қоныс аудару» жәрмеңкелері, «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы өкілдерімен бірге халықпен кездесулер өткізілді. Нәтижесінде, 509 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді, оның ішінде 100-ден аса азамат оң шешім қабылдайтынын жеткізген», - деді Нұржан Нұрашов.


Брифинг барысында Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Еңбек ауылына көшіп баруға шешім қабылдаған саурандық Әділхан Жумадулла теріскейге көштің тиімді тұстары жайлы пікірін білдірді. Ол солтүстікке қоныс аударушылар үшін тұрғын үйлердің бағасы қолжетімді әрі мал шаруашылығына ыңғайлы екенін тілге тиек етті. Ауылдың әлеуметтік жағдайы да көңілінен шыққан.


«Солтүстіктегі ағайын ыстық ықыласпен қарсы алып, қолдауын көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта онда ірі қара мал бағып, осы шаруашылықты дамытуға күш салмақпын. Мен барған Шал ақын ауданында балық шаруашылығымен де айналысуға мүмкіндік мол. Ауданда 17 көл бар екен. Болашақта көлдің емдік балшығының негізінде санаторий ашуға ниеттімін. Осы сапар нәтижесінде өзім 15 шақты отбасыға құжаттарын рәсімдеуге көмектесіп, солтүстікке алып бара жатырмын», - деді ол.


Одан бөлек, солтүстікке көшуге ниетті Келес ауданының тұрғыны Мұхамеджан Алдияров та мал шаруашылығына лайықты елдімекенді таңдап, алдағы аптада көшуге дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, ол көшіп барған соң солтүстік жұртына ұлттық спорт түрі көкпарды насихаттап, дамытқысы келетіндігін айтты.