Автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан.
Түркістан облысында жол апаты орын алып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
13 сәуір күні сағат 19.00 шамасында Түркістан облысы аумағында орын алған жол апатынан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды. Сарыағаш-Шымкент тас жолында 30-ға жуық жолаушысы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Audi 100" автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, автобуста отырған 4 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.